Отырарда сот төрағасы мен адвокаттар бас қосты

0
1 123


Отырарда сот төрағасы мен адвокаттар бас қосты

Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты Аудандық Сот мекемесінің төрағасы адвокаттардың басын қосып дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Отырар аудандық сотының төрағасы Ə.Жанасов басшылық еткен дөңгелек үстел жиынына аудан прокурорының көмекшісі, АІІБ-нің қызметкерлері мен сот қызметкерлері, Шымкент қаласы мен Арыс қаласы жəне Отырар ауданының адвокаттары шақырылды. Іс-шара барысында халыққа азаматтық істер бойынша құқықтық нормалар мен қолданыстағы заңдар аясында адвокаттық көмек көрсету, қажет жағдайларда кеңестер мен нұсқаулар беру жағдайлары талқыланды.

Өз сөзінде аудандық сот төрағасы «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалы, аудандық Әділет басқармасы және Отырар ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімдерімен бірлесіп «Әділет кеңес береді» акциясының ұйымдастырылғанын, онда аталған мекемелер қызметкерлерінің тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, заң және құқық бойынша түсініктерін қалыптастыру жолында ауқымды жұмыс жасалғанын мәлімдеді.
Жиын соңында дөңгелек үстелге қатысушы адвокаттар өзара пікір алмасып, дөңгелек үстелді ұйымдастырған сот төрағасына алғыстарын білдірді.