Отырарда тарихи тағлымы мол кеш ұйымдастырылды

0
1 230

Аталған кешті Отырар аудандық балалар кітапханасы ұйымдастырды.


Отырарда тарихи тағлымы мол кеш ұйымдастырылды

Түркістан облысы Отырар ауданында аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің тұғыры биік» атты тақырыпта тарихи-тағлымды кеш өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Отырар ауданы Шәуілдір елдімекеніндегі Ш.Қалдаяқов мектеп-гимназиясында өткен шараға аталған білім ордасының 7-сынып оқушылары қатыстырылды. Мерекелік тарихи-тағлымды кеште кітапханашылар Тәуелсіздік алу жолындағы Қазақстанның тарихына шолу жасап, кітап көрмесін назарға ұсынды.
Базарбай Өміржан, Жандарбек Бек, Құрал Ұланбек сынды оқушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы мағыналы сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ мектеп оқушылары Серік Аман, Шахзада Мариям, Байболова Балаусалар Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, Тәуелсіздігіміздің ең басты құндылығымыз екенін әндерімен жеткізе білді.


Кеш соңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы құжаттар жинақталған «Тәуелсіз елдің тұғыры биік» атты тақырыпта ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырып, жас өрендерді білім қазынасы — кітаппен дос болуға, еліміздің тарихын жетік білуге және өз елінің патриоты болуға шақырды.