Отырарда жалпыхалықтық сенбілік өтті

0
1 966

Сенбілікке аудан орталығы мен ауыл округтерінің тұрғындары жаппай атсалысты.


Отырарда жалпыхалықтық сенбілік өтті

Егемен еліміздің мерейлі мерекесі — Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы Отырар ауданда тұрғындар мен барлық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жалпыхалықтық сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудан аумағына қарасты елдімекендер тазалығына үлес қосу мақсатында өткен сенбілікке аудан орталығы мен ауыл округтері тұрғындары жаппай жұмылдырылды. Тұрғындар көше бойын қураған шөптер мен қоқыстардан тазартып, сырлау, әктеу жұмыстарын жүргізіп, саябақтар мен арнайы белгіленген орындарға көшеттер отырғызды. Атап айтсақ, "Шәмші", "Ардагерлер", "Жастар", Арыс өзені жағалауындағы саябақтарға, Қарақоңыр, Көксарай, Талапты, Шәуілдір, Темір, Шілік, Ақтөбе, Маяқұм, Балтакөл ауыл округтеріндегі арнайы белгіленген орындарға, жалпы аудан бойынша 4000-ға жуық көшеттер егілді.
Жалпыхалықтық шара барысында ауызбіршілік пен ынтымақтың ерен үлгісін көрсеткен көпшілік көңілді әрі белсенді қимылдап, тазалық жұмыстарына біркісідей атсалысты. Жалпы отырарлықтар сенбілік жұмыстарының екіжақты тәрбиелік мәні бар деп санайды. Біріншіден жастарды еңбекке баулу болса, екінші жағы туған жеріміздің таза, әрі тартымды болуы, яғни, ішкі мәдениеттілікті қалыптастырудағы маңызы зор.