«Профтур» арқылы үйде отырып-ақ шипажайларға бронь жасауға болады

0
1 810

Аталған туристік орталық арқылы шипажайлардың қандай ауруларды емдейтіндігі не алдын алатыны жөнінде кеңес алуға болады. Жәнеде үйіңізде жатып-ақ жатын орындарға бронь жасауға мүмкіндік мол.


«Профтур» арқылы үйде отырып-ақ шипажайларға бронь жасауға болады

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша «Профтур» туристік орталығы құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Осыған орай Шымкентте орналасқан облыстық кәсіподақ жанынан «Профтур» атаулы туристтік орталық ашылып, оған өңірлік шипажайлар мен демалыс орындарының басшылары қатысып, шипажайларға жолдама берудің әдістерін түсіндірді.

Аталған туристік орталықтың мақсаты жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерін шипажайлы-емді қабылдауға белсенді тарту, түрлі туристік саяхаттар ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіподақ шипажайларын демалушылармен қамтамасыз ету болып табылады.

Шымкент қаласы мен облыс тұрғындары кәсіподақ шипажайларына, басқа да шипажайлық мекемелерге жолдамаларды осы туристік орталықтан тікелей немесе бастауыш кәсіподақтар арқылы алуларына болады.

«Профтур» туристік орталығының тиімділігі жолдамалар шипажай бағасымен, үстемесіз сатылады. Әрі орталық қызметкерлері шипажайлық мекеменің көрсететін қызметтері жөнінде толық ақпарат береді. Сондай-ақ, шипажайлардың қандай ауруларды емдейтіндігі не алдын алатыны жөнінде кеңес алуға болады. Жәнеде үйіңізде жатып-ақ орындарға бронь жасауға мүмкіндік мол.

Бір сөзбен кәсіподақ мүшесі емес жеке тұлғалар шипажай орналасқан аумақтарға барып жолдама алуға, бронь жасауға қаржы мен уақытын шығармаймай-ақ осы орталықтан жолдамалар алуына болады.

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында орталық демалыс кезінде лагерьлер мен пансионаттарға жолдама береді. Оқушылар үшін мәдени-танымдық, экскурсиялық турлар ұйымдастырады.

Туристік орталық өткізіп жатқан ұйымдастыру іс-шаралары ішкі туризмді дамыту, халықты сауықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіподақ шипажайларын жыл бойы демалушылармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Естеріңізге салар болсақ, аталмыш туристік орталықтар «Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының федерациясы» Республикалық бірлестігінің 2018 жылғы 20 шілдедегі №7.6 қаулысын орындау мақсатында аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің жанынан ашылған.

Негізгі міндеті Федерацияның шипажайлары мен демалыс үйлеріне жолдамалар беруде бірегей туроператор болып анықталды.