Оның 70-і республикалық, 114-і жергілікті бюджет есебінен салынбақ.
сурет: tvk-uko.kz
Түркістан қаласындағы «Рәміздер алаңында» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жиынға облыстық білім басқармасына қарасты мектеп директорлары, облысымыздағы 16 ауданнан келген «Адал ұрпақ» клубтарының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында сөз алған аталмыш департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен оған қарсы тұратын жастарды тәрбиелеу десе облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов биыл білім беру саласына 262 млрд. теңге қаржы қаралып, 2018-2025 жылдар аралығында облысымызда 184 жаңа мектеп салу қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді. Оның 70-і республикалық, 114-і жергілікті бюджет есебінен салынбақ.
Келесі кезекте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының шеруі өтіп, әр топтың ұраны айтылды. Әсіресе Төлеби ауданы жастарының орындауындағы«Менің елім Қазақстан» атты әдеби композициясы ерекшеәсер қалдырды.
Сондай-ақ, жастардың бір мезетте орындаған флешмоб биі, қолөнершілер көрмесі, шахмат ойыны, сурет салу және бейнеролик конкурсы өтіп, үздіктерге грамоталар табысталды.
Шараның екінші бөлігі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің мәдениет сарайында жалғасты. Басқосудың оқу орнында жалғасып жатқанына қуанышты екенін жеткізген университет ректоры Болатбек Серікбайұлы оқушыларға мектеп бітірген соң университет студенті болуға шақырды.
Одан соң шараға қатысушылар назарына «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жылдық қорытындысы бойынша бейнеролик ұсынылса, Қуаныш Ибрагимов клуб атынан құттықтау сөзін жолдады.
Жиын соңында «Ең үздік таңдалған бейнеролик» сайысы бойынша, «Ең үздік таңдалған сурет» байқауы бойынша жүлдегерлер марапатталып, клуб слетін ұйымдастыруда белсенділік танытқан жандарға алғыс хаттар табысталды. Шеру кезінде ұйымшылдығымен көзге түскен Ордабасы ауданынан келген оқушылар ең үздік топ ретінде көзге түсіп, арнайы дипломмен марапатталды. Жиын соңы концерттік бағдарламға ұласты.