​Сайрамда кәмелетке толмаған баланы зорламақ болған күдікті ұсталды

0
1 502

Ішімдік ішіп алып, кәмелет жасқа толмаған баланы зорламақ болған.


​Сайрамда кәмелетке толмаған баланы зорламақ болған күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында 9 жастағы баланы зорламақ болған күдікті ұсталды, деп жазады sputniknews.kz.

Сайрам аудандық сотының судьясы Дина Тойжанованың хабарлауынша, Ақсукент ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 2009 жылы туған баланы 1976 жылы туған ер азамат зорламақ болған.

"Ішімдік ішіп алып, кәмелет жасқа толмаған баланы зорламақ болған күдікті ұсталды. Оның үстінен Қылмыстық Кодекстің 24-бабы ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер") бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамауға алу туралы санкция берілді", — деді судья.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың наурыз айында Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында 7 жастағы баланың зорланғаны туралы туыстары хабарлаған болатын.

26 қыркүйекте Шымкенттегі Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "зорланған бала" ісі бойынша сот тергеуін бастаған. Қазіргі таңда сот процесі жалғасып жатыр.