​Сайрамда мерекеге орай көкпар ұйымдастырылды

0
1 957

Сайрам ауданы әкімдігінің қолдауымен тәуелсіздік қарсаңына орай өткізілген спорттық ойында жүлделі орындар үшін қомақты сыйлықтар да тағайындалған.


​Сайрамда мерекеге орай көкпар ұйымдастырылды

Бүгін Түркістан облысы Сайрам ауданында орналасқан Ақбұлақ елді мекенінде Сайрам ауданы әкімдігінің қолдауымен ұлттық ойын көкпардан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл мерекесіне орай жарыс өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Сайрам ауданы бойынша бірнеше ауыл округтерінен құрама командалар арасында ұлттық спорт түрі-көкпардан өзара сайыс өтті. Ауылдық округтің жастарынан құралған командалар арасындағы жарыс тартысты әрі жеңіс үшін қызу талпыныспен басталды.

Сайрам ауданы әкімдігінің қолдауымен тәуелсіздік қарсаңына орай өткізілген спорттық ойында жүлделі орындар үшін қомақты сыйлықтар да тағайындалған.

Атап айтар болсақ, жалпы жүлде қоры алты жүз мыңды (600 000) құрайды. Осы жарыстың өтуіне ықпал етіп жүрген аудан әкімі орынбасары Мадияр Оразалиев те ұлттық ойын көкпар өтіп жатқан алаңда болды. Жүлдеге ие болған командалар ақшалай сыйлыққа ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды.