​Сайрамдық шаруалар үздік деп танылды

0
1 147

Сайрамдық шаруалар бәсекелестерін басып озды.


​Сайрамдық шаруалар үздік деп танылды

Сайрам ауданында өсірілген мал, өндірілген ет пен сүт өнімдерін Түркістан облысынан бөлек еліміздің, тіпті көршілес елдердің халқы тұтынып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсіресе, бордақыланған мал тірідей де, ет өнімі ретінде де шет елдерге, нақтырақ айтқанда Өзбекстанға, Ресейге, Иранға, Кувейтке экспортталып жатқанын мақтанышпен айтуға болады. Осынау жетістіктердің барлығы бірлігі мен тірлігі жарасқан аудан халқының еңбекқорлығының, ауызбіршілігінің, еңбексүйгіштігінің арқасы десек артық айтқандық болмас.

Еткен еңбек, теккен төр еш кетпейді. Еңбек еленеді. Оған дәлел, жуырда ғана Түркістан қаласында өткен ауылшаруашылық саласы қызметкерлерінің "Аgrofest-2018" мерекелік шарасында ет өндіруден, мал шаруашылығы өнімдерін экспорттаудан озат аудан номинациясына ие болып, бәсекелестерінен оқ бойы озық шықты.

Ал, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Н.Көпеевке ауылшаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Ауылшаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы табысталды.