Халықтың игілігі үшін ең өзекті мәселелерге басты назар аударылды.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бюджет жобасын талқылау бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ауданның 2019 жылға бюджет жобасын талқылау жөнінде мәжіліс өтті. Жиында 2019 жылға өтпелі құрылыс нысандары мен атқарылатын жұмыстардың көлемі және оларға жұмсалатын қаржылар талқыланды.
Жиынға аудан әкімі Қайрат Абдуалиев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Садықов, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітназар Жиенбаев, сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары мен қала, кент және ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Өткізілген мәжілісте бөлім басшылары өз тарапынан 2019 жылға жоспарланған жұмыстар бойынша бюджеттік сұранымдарын айтты. Сұратылған қаржы бойынша әр бөлім түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімі Қайрат Абдуалиев ең өзекті және кезек күттірмейтін жұмыстарды бірінші кезекке қоюдың қажет екенін атап өтті.