Шардарада қылмыс жасағандарға сот санкциясы шықты

0
1 937

Шардара аудандық сотының санкциясымен Достық ауылындағы қанды оқиғаға күдікті тағы төрт адамды екі айға қамау туралы сырттай қаулы шықты.


Шардарада қылмыс жасағандарға сот санкциясы шықты

Шардарада қанды шу шығарғандарға қатысты сот санкциясы шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сырттай дейтініміз, күдікті төртеу атыс болған күні ақ қашып кеткен. Қазір іздеуде. Тəртіп сақшылары іздеуде жүрген төрт күдіктіні құрықтау үшін қажетті іс шараларды ұйымдастырып ақ жатыр. "Іздеудегі төрт күдіктіге бірдей ҚР ҚК нің 99 бабының 2-ші бөлігі, 1,6,7,9 тармақтарымен, яғни екі жəне одан көп адамды өлтіру, бұзақылық пиғылмен айналадағыларға қауіп төндіру, топтанып қылмыс жасау , 287 баптың 4-ші тармағымен, яғни заңсыз қару сақтау, 293 баптың 3-ші тармағымен, қару пайдалану арқылы бұзақылық жасау бойынша айып тағылды"-дейді

Шардара аудандық сотының координатор судьясы Сапархан Омаров. Іздеуде жүрген қанды оқиғаға қатысы бар деп күдіктелген төртеуі де Шардара ауданының тумасы екен. Төртеуі де бұрын сотты болмаған.
Еске салайық, 7 қыркүйек күні Шардара ауданы Достық ауылында егіс даласында диқандар арасында қанды атыс оқиғасы болған еді. Айдың күннің аманында оққа ұшқан жүк тасымалымен айналысқан 22 жастағы жігіт көз жұмған болатын. Оқ тиген тағы екеу түрлі дене жарақатын алған. 10 шы қыркүйек күні екі күдікті қолға түсірілген болатын.