Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Али Алтай Сембекұлы тағайындалды деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Али Алтай Сембекұлы тағайындалды деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа басшыға қала әкімі Нұрлан Сауранбаев жұмысына сәттілік тілеп, жаңа міндеттер жүктеді.
Алтай Сембекұлы 1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы, Жаңатас ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, экономика ғылымының бакалавры. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.
Еңбек жолы 2005 жылы Қазақ-Австрия АҚ-ның "Рахат" бірлескен кәсіпорны "Рахат Палас Отель " қонақ үйінің байланыс орталығында қарапайым қызметкер болудан басталған.
2010-2011 жылдар аралығында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның субсидиялау департаментінің менеджері болып жұмыс жасаған.
2014 - 2015 жылдар аралығында Астана қалалық сотының бас маманы, жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің Сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, кейіннен ҚР Премьер-Министрі Хатшылығының бас сарапшысы лауазымына дейін сатылай өскен.
Соңғы қызмет орны - 2016 жылдан бүгінгі таңға дейін ҚР Премьер-Министрі Өңірлік даму бөлімінің бас консультанты болып қызмет атқарған.