Куәгерлердің айтуына қарағанда қайғылы оқиға таңғы сағат 10 шамасында болған. Жеке компанияға тиесілі жүк көлігі ішкі көшеге асфальт алып кірмек болады.
Шымкенттегі Нұртас шағын ауданында ішкі көшелерді жөндеп жатқан мекеме қызметкері абайсызда токқа түсіп қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, 26 жастағы азамат жеке компанияда директордың орынбасары екен, деп хабарлады ERNUR.KZ TVK арнасына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуына қарағанда қайғылы оқиға таңғы сағат 10 шамасында болған. Жеке компанияға тиесілі жүк көлігі ішкі көшеге асфальт алып кірмек болады. Алайда, құлауға шақ тұрған электр бағанасы жүргізушіге кедергі келтірген. Осы сәтте мекеме басшысының орынбасары көмектеспек болып, жоғары кернеулі тоқтың сымын ұстап қалған.
жүк көлігінің жүргізушісі:
- Мына жақтан бұрылып келдім. Осы көшеге тас төгуім керек еді. Бірақ, столбтар низкий екен. Кіре алмаймын дедім. Бірақ бастық кір деп қоймады. Ток сымы кедергі болады десем, өзім көтеріп тұрамын деді. Онда тоқ бар десем тыңдамады. Тоқ жоқ деп ұстап қалғанда осылай болды.
Естеріңізде болса, осы жылдың сәуір айында Нұртас шағын ауданында апатты жағдайда тұрған электр бағаналары туралы бейнематериал эфирден шыққан. Сол кезде жергілікті халық қол созым жердегі токқа ойын баласы түсіп қала ма,-деп қауіптенетінін ашына айтқан еді.
Құлжабек ӨСКЕНБАЕВ,тұрғын:
- Өздеріңіз көріп тұрсыздар. Адамның бойы жететін иіліп тұрған сымдар. Мына жерден балалар өтеді. Жел тұрғанда үзіліп жерге де түсіп жатыр. Сонда басшылар апаттық жағдайды күтіп отыр ма?
Қазіргі таңда кісі өлімімен аяқталған оқиғаны полиция қызметкерлері жан-жақты тексеріп жатыр.