Жалпы 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысына ОҚО-нан 140 мыңдай адам қатысқан екен. Қазіргі кезде облысымызда 174 ҰОС ардагерлері, 4885 майданға қатысушылар мен мүгедекке теңестірілгендер және 15733 тыл еңбеккерлері бар.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы «Оңтүстік қабылдау үйі» мейрамханасында облыс ардагерлеріне арналып мерекелік дастархан жайылды. ОҚО әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, ОҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов қарт майдангерлерді Жеңістің 73 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жалпы 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысына ОҚО-нан 140 мыңдай адам қатысқан екен. Қазіргі кезде облысымызда 174 ҰОС ардагерлері, 4885 майданға қатысушылар мен мүгедекке теңестірілгендер және 15733 тыл еңбеккерлері бар. Сонымен қатар оңтүстікқазақстандық 51 азамат Кеңес Одағы батыры атағын, 8 майдангер «Даңқ» орденінің иегері атаныпты.
Жеңіс күні қарсаңында өткізілген аталмыш іс-шара ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Қарт майдангерлерге қаржзылай сый-сыяпат жасалды.