​Шымкентте барлық аналар қоғамдық көлікпен тегін жүрді

0
1 826

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында нәзік жандылар қауымына құрмет көрсеуге қоғамдық автобус жүргізушілері де өз үлестерін қосты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Шымкентте барлық аналар қоғамдық көлікпен тегін жүрді

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында нәзік жандылар қауымына құрмет көрсеуге қоғамдық автобус жүргізушілері де өз үлестерін қосты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ .

Бүгін Шымкенттегі бірқатар автобус жүргізушілері аналар қауымын тегін тасымалдады. Бұл жайттан қалалық әкімдікке қарасты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілер бейхабар болып шықты. Көлік компаниясындағылардың өздері әйелдер қауымына осындай тосын сый ұйымдастыруды ойлаған. «Автоимпульс» көлік компаниясының директоры Марат Сейітовтың айтуынша, аналарға мұндай құрмет көрсету туралы ұсынысты автобус жүргізушілерінің өздері тастаған екен. Нәтижесінде қоғамдық көлікті тізгіндеген бірқатар жүргізушілер аналарға деген алғыстарын осылайша жеткізуді көздеген.

«Біздің көлік компаниясы қала бойынша төрт бағытта жолаушыларды тасымалдаумен айналысады. Біз автобус жүргізушілерімен ақылдаса келе осындай шешімге келдік. Бізде онсыз да көпбалалы аналар қоғамдық көлікпен тегін жүреді. Бірақ мереке қарсаңында тек көпбалалы емес, барлық аналарды тегін тасымалдауды ұйғардық», - деді көлік компаниясының директоры Марат Сейітов.

Фото: желіден алынды