Шымкентте баспаналы болғысы келетіндерден құжат қабылдау басталады

0
1 585

Өтінімдердің «Е-gov» порталына тіркелуін ЭЦҚ кілті арқылы әрбір қатысушы өзі қамтамасыз етеді және төлем қабілеттілігіне байланысты пәтердегі бөлме санын өзі таңдайды.


Шымкентте баспаналы болғысы келетіндерден құжат қабылдау басталады

ERNUR.KZ. 2018 жылдың 22 мамыры мен 25 мамыры аралығында «Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағыты бойынша Шымкенттегі Тұран шағынауданы, 192-орам, №979 жер телімінде орналасқан «Адия» тұрғын үй кешенінде тапсырылатын 201 пәтерге қосымша өтінімдер қабылданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтінімдердің «Е-gov» порталына тіркелуін ЭЦҚ кілті арқылы әрбір қатысушы өзі қамтамасыз етеді және төлем қабілеттілігіне байланысты пәтердегі бөлме санын өзі таңдайды.

Өтінімдер мен құжаттардың электронды түрде тапсырылуы бойынша кеңес беру халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «Е-gov» пунктерінде және Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі (Т.Рысқұлов көшесі, 8а, №2 каб.) арқылы жүргізіледі.

«Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағыты бойынша қатысу үшін жергілікті атқарушы органда кезекте тұруы және төмендегі санаттарға жатуы тиіс:

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар,

- мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар,

- жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер,

- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,

- оралмандар,

- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар,

- көп балалы отбасылар,

- толық емес отбасылар,

- мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың , бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

«Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы берілетін пәтерлердің сипаттамалары мен жалға алу арқылы сатып алу тетіктері:

Пәтер саны

Пәтер түрі

Бөлме саны

Жоғарғы аудан, ш.м.

Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі бойынша арендалық төлем– 5 жыл ,тг/ай

Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі бойынша арендалық төлем– 7 жыл ,тг/ай

Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі бойынша арендалық төлем– 10 жыл ,тг/ай

Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі бойынша арендалық төлем– 15 жыл ,тг/ай

36

Тип 1

1

36,93

103211

80643

64195

52201

55

Тип 2

1

42,42

118555

92632

73738

59961

96

Тип 5

3

83,39

233057

182097

144955

117873

14

Тип 6

3

86,35

241329

188561

150100

122057

201