Шымкентке Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы Қанатбек Сафинов жұмыс сапарымен келді. Хатшы алдымен қорғасын зауытының аумағын аралап шықты. Айта кетейік, бұл кәсіпорында қорғаныс өндірісінде қолданатын химикат мәселесі шешілмей отыр. Мəртебелі қонақ бұдан кейін қаланы жылумен қамтамасыз ететін "Энерго орталық-3" АҚ жұмысымен танысты.

Түстен кейін қалалық әкімдікте шаһардың барлық коммуналды кәсіпорындарының қатысуымен жиналыс өтті. Онда «HILL Corporation», «Эко-битум», «Юг-Пласт» ЖШС, «Стандарт Петролеум» сынды жаңа өндірістердің мәселесі талқыланды. Олардың кейбірінде шикізат, ал кейбірінде коммуналды қызмет мәселесі туындап отыр. Жауапты хатшы жиналыста талқыланған барлық мəселе энергетика министрлігіне жеткізілетіні мəлімдеді.
Бұған қоса қарапайым тұтынушылардың мәселесі де талқыланды. Қаладағы жекеменшік трансформаторлар мəселесі əлі де шешілмеген. Қала билігі бұл тұрғыда банктен несие алуда кепіл болу қажет болса монополистерге көмек беруге дайын екендерін мəлімдеді.
Мəжілісте сонымен қатар мұнай мен газ құбырлары аумағында тұрған үйлердің мәселесі де қаралды. Қалалық әкімдік бұл мəселеде тұрғындарға жер телімдерін ұсынуға дайын, ал мұнай-газ компаниясына өтемақы төлеу қажет. Жиын соңында Қанатбек Сафинов мұндай маңызды сұрақтардың шешілуіне көмек беруге уəде етті.
дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі