Шымкентте мектеп бітірушілер мінген көлік автобуспен жарысқан

0
1 812

​ERNUR.KZ. Шымкент қаласында мектеп бітірушілер мінген көліктер көшелердің бірінде автобуспен жарысты.


Шымкентте мектеп бітірушілер мінген көлік автобуспен жарысқан

иллюстрациялық фото: tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында мектеп бітірушілер мінген көліктер көшелердің бірінде автобуспен жарысты.

Бұл туралы түсірілген видео редакциямызға келіп түсті. Бейнежазба авторының айтуынша, оқиға Шымкент қаласында болған. Қала көшелерінің бірінде қуыс көшеден шыққан шетелдік маркалы көліктерге отырған мектеп бітірушілер орталық көшеге шығып, ондағы қоғамдық көлікпен жарыса озып өткен. Оны көрген жергілікті тұрғындар ашуланып, "Бұларға ештеңе болмайды, қайта басқаларға кесірін тигізеді" деп ашуланған.

Бейнежазбада көрсетілгендей, қатты жылдамдықпен жүрген көліктерде отырған жастардың шыңғыра айғайлағандары байқалады. Сондай-ақ, жастар көліктің төбесінен және терезелерінен шығып отырып алған. Ешқандай қауіпсіздік ережелерін сақтамаған.

"Әрі қарай түсіріп үлгере алмадым. Мұны жаман оймен таратқым келген жоқ. жамандықтан сақтасын, ата-аналар опық жемес үшін балалардың қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, қадағаласа екен тілегім бар. Өздеріне де, өзгелерге де зияны тисе, ертең мұның жауабын кім береді? Өкінішті жағдай орын алғанда барып бармақ тістегеннен не пайда? Көліктерге бөлініп отырған жастар бүкіл көшені шаңғытып барады. Алдында кетіп бара жатқан автобусты басып озды да, қарсы бағытқа барынша жылдамдықпен шығып әрі қарай кетті... Өте қорқынышты... Өзі тар көше... Сол себепті, сіздерге жолдап отырмын" дейді автор.