ERNUR.KZ. Өрт-тактикалық оқу жаттығуы барысында мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен ойын-сауық орталығының күзетшілері және жұмысшылары бірлесіп әрекет ету шараларын пысықтады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
ERNUR.KZ. Өрт-тактикалық оқу жаттығуы барысында мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен ойын-сауық орталығының күзетшілері және жұмысшылары бірлесіп әрекет ету шараларын пысықтады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Сол жерде өртке қарсы қызметтің штаб жұмысы ұйымдастырылды.
Жаттығу барысында орталықтың ішінде қалып кеткен, жараланған адамдарды сыртқа шығарып, жедел медициналық көмек көрсетілді.
Нысанда болып жатқан өрттің алдын-алу үшін өрт сөндіру мамандары арнайы сатымен ғимараттың үстіңгі жағына шығып, тиісті жұмыстарды жүйелі орындады.
Орталық ішіндегі барлық демалушылар мен қызметкерлерін дер кезінде сыртқа эвакуацияланып, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
""Shymkent Plaza" сауда ойын-сауық орталығында өтіп жатқан Өрт-тактикалық оқу жаттығуының мақсаты - өрт бола қалған жағдайда алдын-алу, және сол кездегі адамдардың іс-әрекетін түсіндіру, адамдарды сабырға шақыра отырып, шұғыл түрде іс-қимылдар жасау. Ойын-сауық орталығының қызметкерлері өз міндеттерін жақсы біледі. Сауда ойын-сауық нысанында техникалық талапқа сәйкес шығу есіктерінің барлығы сыртқа ашылады, құлыпталмаған. Кино залында отырған демалушылардың барлығына шығу есіктері қарастырылған. Орталықтың күзет қызметі өрт туралы дер кезінде хабарлады. Қалалық күштік құрылымдардың барлығы уақытылы жетті. 9 негізгі, 2 арнайы көлік жұмылдырылды. Өрт - тактикалық оқу жаттығуы жоғары деңгейде өтті",- деді азаматтық қорғаныс майоры Құаныш Арсланов.
Өрт болған жағдайда демалушылардың іс-әрекеті қандай болу керек деген сауалға Құаныш Арсланов: "Өрт бола қалған жағдайда, демалушы кісілер өртті байқаған жағдайда шұғыл түрде орталық қызметкерлеріне хабарлау керек. Өздері де қасындағы адамдарға да ескертіп, сыртқа шығуы қажет. Қызметкерлер алғашқы кезекте өрт сөндіру құралдарын пайдаланғаны жөн. Келушілердің барлығына сыртқы есікті көрсете отырып, сол мезгілде 101 қызметіне хабарлауы қажет. Өрт болған жағдайда эскалатор, лифт құралдарын пайдаланбаған абзал", -деп жауап берді.
Айта кетейік, статистикалық мәлімет бойынша адам көп жиналатын нысандарда орын алған оқыс жағдайда қарбалас пен дүрбелең кезінде адамдар көбірек қаза болады екен. Сондықтан, ондай жағдайда ең бастысы – абыржымай, сабыр сақтау қажет.