Шымкент қаласы əл-Фараби аудандық сот орындаушылар бөлімінің мамандары заңсыз сауда орнынын сүріп тастауға мұрындық болған.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Байтұрсынов көшесі бұрынғы Гарант аялдамамындағы сауда нүктесі тып типыл болды. Он жылдан бері студенттер мен қалалықтарға ыстық бəліш сатып келгендер мен компьютер жабдығын жөндеушілер бір сағаттың ішінде жұмыссыз қалды. Бұл туралы ERNUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Шымкент қаласы əл-Фараби аудандық сот орындаушылар бөлімінің мамандары заңсыз сауда орнынын сүріп тастауға мұрындық болған. 2016 жылы Шымкент қаласы əкімдігінің талап арызы негізінде бұл сауда орнын заңсыз деп танып, сүріп тастау туралы сот шешімі шыққан. Бірақ екі жылдан бері заңсыз сауда нүктесінің иесі сот шешімін орындауға құлықсыз болған.
"Біздің кешеге дейін ештеңеден хабарымыз болған жоқ. Тіпті жалға алу ақшасын төлеп те қойғанбыз. Ескерткен ешкім болмады. Жалға беруші мәселе шешілген деп айтқан", - деп шырылдады күнделікті нəпақасын осы сауда нүктесінен тауып отырғандар.
Сот орындаушылар қала əкімдігі бұл жерді көгалдандыру мақсатында босатып отырғанын айтады. Сөздеріне сенер болсақ, келешекте Байтұрсынов көшесі "Гарант" аялдамасының маңы қызылды -жасылды гүлге оранбақ.