Шымкентте заңсыз құрылыстармен күрес жүріп жатыр

0
1 212

​Шымкент қаласының әкімдігі қала аумағында жер телімдерін өз бетінше иелену және ауыл шаруашылығы жерлерінде заңсыз құрылыстарға тосқауыл қою мақсатында қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Солардың бірі Еңбекші аудандық әкімдігі мен учаскелік полицейлер Қаратөбе, Бадам-1 шағынаудандарының тұрғындарымен кездесті,-деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


Шымкентте заңсыз құрылыстармен күрес жүріп жатыр

Шымкент қаласының әкімдігі қала аумағында жер телімдерін өз бетінше иелену және ауыл шаруашылығы жерлерінде заңсыз құрылыстарға тосқауыл қою мақсатында қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Солардың бірі Еңбекші аудандық әкімдігі мен учаскелік полицейлер Қаратөбе, Бадам-1 шағынаудандарының тұрғындарымен кездесті,-деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстан Республикасының жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатқаны, заңға сәйкес қолданыстағы жер телімдері нақты мақсатта пайдаланылмаса, мемлекет меншігіне қайтарып алу да қарастырылғаны түсіндірілді. Құжаты жоқ, белгісіз жерлерге қоныстанғандарға алдымен ескерту жасалады. Егер оған көнбесе, айыппұл салынып, соңында заңсыз құрылыс бұзылады.

Заңсыз үй салған және негізсіз жер берген азаматтар да жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, жер телімін өз бетінше иемденгені үшін ҚР ӘҚБтК 136-бабына сәйкес 75 айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны да ескертілді. Әкімдіктің жұмысшы тобы Еңбекші ауданына Төле би және Сайрам аудандарынан енген Қазығұрт, Қаратөбе және Жұлдыз аумақтарын тексеру кезінде 222 жер теліміне заңсыз құрылыс жүргізілгені анықталды. Айта кетейік, мұндай іс-шара әкімдік тарапынан аптасына бір рет тұрақты түрде өткізілуде.