Шымкентте жалдамалы пәтерлерді тонаумен айналысып келген топ ұсталды

0
1 292

Полицейлер анықтағандай, олар жалған куәлікті қолдан жасап алып, Шымкенттен бір немесе екі күнге пәтерді жалға алып отырған. Содан соң сол пәтерлердегі тұрмыстық техника мен жиһаздарды тонап кетіп жүрген.


Шымкентте жалдамалы пәтерлерді  тонаумен айналысып келген топ ұсталды

Шымкент қаласының полицейлері пәтер тонау күдігімен 36 және 31 жастағы жергілікті екі тұрғынды ұстады. Олар қала аумағынан пәтер жалдап, оның ішіндегі дүние-мүлкін тонап кетіп отырған,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

" 2018 жылғы ақпан айының басында Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне Шымкент қаласының төрт тұрғыны хабарласып, жалдамалы пәтерлердегі мүліктерін белгісіз азаматтар тонап кеткенін мәлімдеген. Жәбірленушілерге жалпы соммасы 500 мың теңгеден астам шығын келген.

Аталған арыздар бойынша Әл-Фараби аудандық ІІБ-нің қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Шымкент қаласының 1981 және 1987 жылғы тұрғындарын қолға түсірді",-деліген хабарламада.

Полицейлер анықтағандай, күдіктілер жалған куәлікті қолдан жасап алып, Шымкенттен бір немесе екі күнге пәтерді жалға алады. Содан соң сол пәтерлердегі тұрмыстық техника мен жиһаздарды тонап кетіп жүрген.

Қазіргі танда жоғарыдағы аталған қылмыстар бойынша күдікті тұлғалардың үстінен ҚР ҚК-нің ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын жүргізілуде.