Шымкентте жеке үйлерді тонап, тұрғындарға аса ірі көлемде шығын келтірген ұры ұсталды

0
1 545

Оның бір пәтерден ұрлап шыққан ең көмақты олжасы 1,5 миллион теңге болған.


Шымкентте жеке үйлерді тонап,  тұрғындарға аса ірі көлемде шығын келтірген ұры ұсталды

ОҚО-ның тәртіп сақшылары жедел – іздестіру іс-шаралары барысында шымкенттіктердің пәтерін тонаумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тергеу барысында ұсталған күдіктінің бұдан бөлек 5 ұрлық дерегіне қатыстылығы белгілі болды. Орын алған қылмыстың барлығы қала аумағындағы жеке үйлерге жасалған. Күдікті үйлердің егесіз, қараусыз қалғанына толық көз жеткізгеннен кейін, терезе арқылы ішке кіріп, газ котелдер, батареялар және т.б. заттарын ұрлап отырған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 4 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Оның бір пәтерден ұрлап шыққан ең көмақты олжасы 1,5 миллион теңге болған.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.