Шымкентте жоғалған 2 жасар баланың денесі табылды

0
1 476

11 наурыз күні Шымкентте жоғалып кеткен 2 жасар бүлдіршіннің денесі өзеннен табылды,деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкентте жоғалған 2 жасар баланың денесі табылды

фото әлеуметтік желіден алынды

11 наурыз күні Шымкентте жоғалып кеткен 2 жасар бүлдіршіннің денесі өзеннен табылды,деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлинұрдан ата-анасы қаладағы тойханалардың бірінің алдында көз жазып қалған.

«Әлинұрды тойханадан шыққан бойда таба алмай қалдық. Бәріміз жабылып іздедік. Тойхананың жанынан Қарасу өзені ағады. Сонда түсіп кетті ме деп құтқарушыларды шақырдық. Полицияға хабарластық. Іздемеген жеріміз жоқ. Мүмкін оны біреу көлікпен қағып кетіп, қорыққаннан алып кетті ме деп те ойлап отырмыз», - дейді бүлдіршіннің анасы Әйгерім Ерманова.

Із-түзсіз жоғалған Әлинұрды кешеден бері құтқарушылар судан іздеген болатын. 20 құтқарушы Қарасу өзенінің басынан екі шақырымдай жерді қарап шыққан. «Баланы іздеуге 20 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылған. Одан бөлек, бүлдіршінді іздеуге еріктілер тобы да қатысты.

Сол еріктілердің бірі Әйкерім Жұмағалиевадан келіп түскен дерек бойынша 2 жасар бүлдіршіннің денесі Қарасу өзенінен табылды.