Шымкенттік оқушылар халықаралық емтиханнан жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді

0
2 585

ERNUR.KZ. Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бітірушілері халықаралық емтиханды сәтті тапсыруда. Жоғары көрсеткішке ие болған түлектер шетелдік жоғарғы оқу орындарына 100 пайызға дейінгі жеңілдіктер жеңіп алып жатыр.


Шымкенттік оқушылар халықаралық емтиханнан жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді

ERNUR.KZн Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бітірушілері халықаралық емтиханды сәтті тапсырды. 12А сынып оқушысы Ізбай Ақарыс – халықаралық IELTS емтиханынан 7,0 ұпай жинаған. Ал SAT емтиханынан 1500 (ең жоғары балл – 1600) балл алған болса, SAT Subject емтиханынан – 1580 балл алды (ең жоғары балл – 1600).


Зияткерлік мектеп ұстаздарының айтуынша, Ақарыстың көрсеткіштері тек мектептің ғана емес, сонымен қатар, әлемдегі өте жоғары көрсеткішке жатады. Жоғары көрсеткішке ие болған түлектер шетелдік жоғарғы оқу орындарына 100 пайызға дейінгі жеңілдікке ие болады.

Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2 түлегі Гонконг Политехникалық университеті мен Қытайдың Jiangsu университетінің грант иегері атанған. Ал, АҚШ-тың Florida Institute of Technology жоғары оқу орны үздік оқитын түлектерге 50 пайыздық жеңілдік ұсынып отыр.