​Шымкенттік депутат мұсылмандар мерекесінде азық-түлік таратты

0
1 798

Шымкенттік депутат өз округіндегі тұрғындарға қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, Ораза айт мерекесінде әлеуметтік аз қамтылған және асыраушысынан айырылған отбасыларға азық-түлік таратты.


​Шымкенттік депутат мұсылмандар мерекесінде азық-түлік таратты

Шымкенттік депутат өз округіндегі тұрғындарға қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, Ораза айт мерекесінде әлеуметтік аз қамтылған және асыраушысынан айырылған отбасыларға азық-түлік таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласының Тұрлан саяжайындағы тұрғындар өз округтерінен сайланған қалалық мәслихаттың депутаты Ерболат Нұрмахановқа разы болды. Мұсылмандар мерекесінде қайырымдылық жасауды парыз тұтатын қасиет халық қалаулысының бойынан табылғанына тұрғындар қуанды. Айт мерекесі күні Тұрлан саяжайының тұрғындары арасында асыраушысынан айрылған көп балалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға Е.Нұрмаханов азық-түлікті көмекшілерінен беріп жібере салмай, ізгілік танытып әрбір отбасыға өзі қолдап тапсырды.

Тұрмыстың ауыртпашылығы жанына тиген жандар азаматтың мұнысына разы болып, меркемен құттықтасып жатты. Үйге кіріп дастарханнан дәм татуға шақырған елдің үлкендері депутатқа шынайы тілектерін айтып, алғыстарын жаудырды.

«Өз аумағымдағы ғана емес, жалпы халық арасында мұқтаждығы басым отбасыларға қайырымдылық жасау – барлық азаматтың борышы. Ел сенім артып отырғанда олардың қиналғанын назарға алмау – маған сын. Сондықтан, қолымнан келгенінше, мүмкіндігім болғанша халыққа деген көмегімді аямақ емеспін», - дейді депутат Ерболат Нұрмаханов.