​Шымкенттік студенттер ескі көліктерді жоюға кірісті

0
1 303

ERNUR.KZ.Шымкенттік студенттер ескі көліктерді жою бағдарламасы бойынша өндірістік тәжірибеден өтті.


​Шымкенттік студенттер ескі көліктерді жоюға кірісті

ERNUR.KZ.Шымкенттік студенттер ескі көліктерді жою бағдарламасы бойынша өндірістік тәжірибеден өтті. «ӨКМ Операторы» ЖШС жастарды жарамсыз техникаларды жоюға жұмылдырып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Otyrar.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Серіктестік өкілдері 1 жыл ішінде 15 студентті қабылдайды. Оқуын аяқтаған жастарға жұмыс орындары ұсынылады. Бұл әлеуемттік-экономикалық жоба Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында қолға алынған.

Брекеттеу дегеніміз – көлік құралының көлемін кішірейтіп, қол сөмкеге сыйымды ету. «Бұл процестің өз қызығы бар» дейді мамандар. Серіктестік өкілдері агро-экономикалық колледждің студенттерін кәсіпорынның қым-қуыт тіршілігімен таныстырды. Жылына 15 студентті тәжірибеден өткізуге қауқарлы мекеме жастарды жұмысқа да тартуда.

Мұндай акциялар еліміздің осындай алаңшалар орналасқан еліміздің өзге аймақтарында да ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан бойынша 67 мыңнан астам көлік жоюға қабылданған. Ескі көліктерді жоюға тапсыру бойынша ОҚО көш бастап тұр. Бағдарлама басталғаннан бері Шымкенттіктерден 9 мыңнан аса автокөлік қабылданған.

Еске салайық, ескі көліктерді жою Бағдарламасы еліміздің энергетика министрлігінің бастамасымен 2016 жылы қолға алынған болатын. Жоба қолға алынғалы техникалық мамандықтарға деген сұраныс артты. Өз кезегінде кәсіптік-техникалық білім мен орта арнаулы оқу орындарының жұмысына да аса мән беріліп отыр.