Шымкенттің оқушылары қайырымдылық жасауға шақырады

0
1 204

ERNUR.KZ. Шымкенттегі білім ошақтары қайымдылық жұмыстарына арнайы әлеуметтік кабинеттер ұйымдастырып жатыр. Ақжайық шағынауданында орналасқан №59 жалпы орта мектебінде әлеуметтік кабинеттің (бейресми) ашылғанына көп болған жоқ. Дегенмен, аз қамтылған отбасылар үшін қажетке жарайтын киім-кешектер мен азық-түліктерді кездестіруге болады.

«Біздің әлеуметтік кабинет ашудағы мақсатымыз – аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы, тұрмыс жағдайында өмір тауқыметін көрген отбасыларға киімдей, азық-түліктей болсын көмек көрсету. Бүгінгі таңда аз қамтылған 400 оқушы бар. Оларға қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз», - дейді №59 жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогі Эльвира Тойчиева.

Ұстаздың сөзінше, ата-аналар мен «жағдайы жақсы» отбасыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұған дейін білім ошағы 2-3 отбасыға азық-түлік пен қаржылай көмек үлестірілген.