Созақта "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" атты дөңгелек үстел өтті

0
2 837

Ауданымызда қыркүйек айының 17 – сінен бастап басталған марафон аясында көрмелер, тәрбие сағаттары, сурет байқаулары, дәрістер, флешмобтар жүргізілуде.


 Созақта

Созақта « Адал жол» жобасы бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Облысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон барлық аудан, қалаларды қамти отырып өткізілуде. Марафонда мемлекеттік орган қызметшілерімен қатар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері белсенділік танытуда.

Бүгінге дейін марафонды Шардара, Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас, Төлеби , Ордабасы, Отырар аудандары ,Кентау қаласы өткізіп, Созақ ауданы Кентау қаласынан эстафетаны қабылдап алды.Марафонды өткізудегі басты мақсат - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау, сонымен қатар, қоғамды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Ауданымызда қыркүйек айының 17 – сінен бастап басталған марафон аясында көрмелер, тәрбие сағаттары, сурет байқаулары, дәрістер, флешмобтар жүргізілуде.

Соның бірі бүгін " Мыңжылқы" сарайында өткен " Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" атты дөңгелек үстелі. Дөңгелек үстелге ауыл әкімдері,мекемелер қызметкерлері, заң қызметкерлері, ауыл жастары қатысты. Аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Т.Жұмабаев, " НұрОтан" партиясы аудандық филиалының төрағасының орынбасары Р.Әлжанов, Сызған ауылының әкімі С.Маманов, " Тілдерді дамыту орталығының" директоры Г.Биғондиева тақырып бойынша ой - пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар назарына бейнебаян, кітап көрмелері ұсынылды.