Отырар ауданында колледж студенттері мен ауыл имамымен кездесу ұйымдастырылды.
Түркістан облысы, Отырар аудандық орталық кітапханасында кітапхана қызметкерлерініңұйымдастыруымен «Ислам дінінің асыл құндылықтары» атты тақырыпта ауыл имамымен кездесу кеші болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Аталған шара Д.Құрманбекұлы атындағы колледжде өтіп, оған колледж студенттері қатыстырылды. Шараның мақсаты — жасөспірімдерге ислам дінінің негіздерін, жақсы жақтарын ұғындыру, жат ағымдар жетегіне еріп кетуден сақтандыру.
Кешті кітапхана қызметкері М. Шәріпбекова жүргізіп отырды. Шара басырында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Ф. Сихымбаева «Діні қуатты елдің – іргесі берік болады» атты тақырыпта арнайы дайындалған баяндамасын оқыды. Сондай-ақ, «Тәйтелі ата» мешітінің имамы Мақсат Бестемірұлы Сұлтанқұлов арнайы шақырылып, жастарға дін туралы ұлағатты әңгімелерін айтты. Ауыл имамы: «Ислам діні – ұлтымыздың басты рухани және ел болып, тамырымызды тереңге жаюымыздың негізі, ата – бабамыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы ретінде құрметке лайық. Ислам діні – адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиюды, адамзатқа игілік пен адалдық жолында күресуді мұсылмандық борыш санайды» - деп, ислам дінінің құндылықтары туралы көптеген әңгімелерін айтып, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Кеш соңындакітапхана қызметкерлері қонақтар назарына арнайы жасақталған кітап көрмесін ұсынды.