Осындай атпен Отырар ауданы орталығы мен ауылдық округтерінде жиындар ұйымдастырылды.
Түркістан облысы Отырар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен Шәуілдір ауыл округі аппаратының ұйымдастыруымен 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, «Сыбайлас жемқорлықты тоқтату – ортақ парызымыз» атты тақырыпта жиын өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Аталған мекеме қызметкерлері мен ауыл жастарының қатысуымен өткен жиынның мақсаты: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту жолдарын түсіндіру болып табылады. Іс шара барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог-маманы Г. Жантілеш, Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Ә. Жұмаділлаев, «Балдырған-1» балабақшасының тәрбиешісі А. Елғондиевалар тақырыпқа сай баяндама жасаса, Шәуілдір ауыл әкімінің орынбасары Б. Нысанбек, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Б. Әділхановтар өз ойларымен бөлісіп, жиынды қортындылады.
Бастамаға үн қосқан осы тектес жиындар Отырар ауданына қарасты Маяқұм, шілік және Қарғалы ауыл округтерінде өткізілді.