Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев қатысып, тұрғындары мерекемен құттықтады.
фото: facebook.com
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Арыс қаласындағы 108 отбасыға пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев қатысып, тұрғындары мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, 108 пәтердің кілтін қуаныш иелеріне табыс етті. Жаңа пәтерлер «Көктем-2» тұрғын ауданынан 36 пәтерлік үш бірдей көпқабатты тұрғын баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілді.
Үш қабаттан тұратын нысандардың жалпы сметалық құны 841 млрд. 781 млн. теңгені құраған. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталып, биыл аяқталған.
Жаңа пәтердің кілті табыс етілген отбасылардың жүздері бақыттан бал-бұл жайнап, ең алдымен Елбасына, ел ағаларына, әкімшілік қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп жатты.
Президентіміздің сындарлы саясатының арқасында орындалып жатқан мұндай іс-шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асуда. Қарапайым халықты ойлаған Елбасыға тұрғындар дән-риза. Болашақта ел игілігіне берілетін жаңа пәтерлер саны арта түседі.