​«Тәуелсіздікке 27 жыл» атты салтанатты шара өтті

0
1 820

Бірқатар азаматтарға "Сайрам ауданының құрметті азаматы", "Астананың 20 жылдығы" және ауданның 90 жылдық медалі мен төсбелгілері табысталды.


​«Тәуелсіздікке 27 жыл» атты салтанатты шара өтті

Түркістан облысы, Сайрам ауданында орналасқан Қ. Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздіктің 27 жылдығына» арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кеше Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде "Тәуелсіздіктің 27 жылдығына" арналған мерекелік іс-шара болып өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен бұл салтанатты іс-шараға арнайы аудан әкімі Бақтияр Мамаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Жансерік Мұсаханұлы қатысты.

Аудан әкімі Бақтияр Мамаев пен аудандық мәслихат хатшысы Жансерік Мұсаханұлы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара барысында сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтай келе, өздерінің жүрекжарды лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында Түркістан облысы, Сайрам ауданының жан-жақты дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға "Сайрам ауданының құрметті азаматы", "Астананың 20 жылдығы" және ауданымыздың 90 жылдық медалі мен төсбелгілері табысталды.