​Төмен балл жинаған «Алтын белгі» иегері мемлекеттік грантқа үміткер бола алмайды

0
2 224

Өңірде 16 ұлттық бірыңғай тестілеу пунктері бар. Олардың 4-уі ЖОО-ның базасында, 2-уі аудан орталықтарындағы колледждер базасында, 10-ы ЖОМ базасында орналасқан екен.


​Төмен балл жинаған «Алтын белгі» иегері мемлекеттік грантқа үміткер бола алмайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы ОҚО әкімшілігінде Облыстық білім басқармасының басшысы Сағындықов Исатай Өмірзақұлының журналистермен өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылдан бастап мектеп бітірушілердің емтихандары мен тестілеу мектептің өз қабырғасында өтеді. Өңірде 16 ұлттық бірыңғай тестілеу пунктері бар. Олардың 4-уі ЖОО-ның базасында, 2-уі аудан орталықтарындағы колледждер базасында, 10-ы ЖОМ базасында орналасқан екен. Аталмыш 4 ЖОО – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан фармацевтика академиясы, оңтүстік қазақстан педргогикалық университеті, Түркістандағы Қ. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті.

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктерінде 9-дан 14-ке дейін аудиториялар әзірленеді, аудиториялар ұялы телефон сигналдарын тұншықтырғыштармен жабдықталатын көрінеді. Осы жылы бітірушілерді тестілеуге тегін дайындауға арналған «ontest.kz» тестілеу жүйесі іске қосылып, облыстағы 14 мыңнан астам бітіруші жүйеге тіркеліп, онлайн режимде тестілеуге дайындалыпты. 2017-18 жылдары ОҚО мектептері бойынша биылғы жылы бітірушілердің 1692-ы «Алтын белгіге», 1029-ы үздік аттестатқа үміткер болып отыр. Алайда биылдан бастап мемлекеттік грант бөлу жүйесіне өзгерістер енген. ҰБТ-дан төмен балл алып қалған жағдайда «Алтын белгі» иегерлері мемлекеттік грантқа үміткер бола алмайды. Бұл жерде ЖОО-на түсу үшін үміткерлердің балл дәрежесі бірдей болған кезде «Алтын белгі» иегері үстемдік алып кетеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу екі кезеңде өтеді.

  • Қорытынды аттестаттау.
  • ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

Мектеп түлегі қорытынды аттестаттауды бітіруші емтихан нысанында мектепте 5 пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және 1 таңдау пәні бойынша өтеді. Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.

Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Шекті балл – 50 балл. Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пунктері арқылы жүзеге асырылады. 20 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ өтеді. 2018 жылдың тамызы мен 2019 жылдың қаңтар айларында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі екен. Шекті балл - 50 балл. Бұл жерде мемлекет техникалық мамандыққа үміткерлерге баса назар аударып отырғанын айта кеткен жөн.