Токио олимпиадасына Түркістан облысынан 5 спортшы қатысады

0
564

Токио қаласында алауы жанатын жазғы олимпиада ойындарында жерлестерімізге жеңіс тілейміз.


Токио олимпиадасына Түркістан облысынан 5 спортшы қатысады

Токио олимпиадасында түркістандықтар ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Токиода өтетін Олимпиада ойындарында Ел намысын 6 дзюдошы қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық рейтингке сәйкес жолдама алған дзюдошылар тізімін жариялады. Бұл тізімде Түркістан облысының саңлағы 81 келіде күш сынайтын Дидар Хамза да бар. Естеріңізге сала кетейік, бұл жолдаманы құрлықтық квота бойынша иеленді.


Сонымен, түркістандық спортшылар қоржынында 5 жолдама. Атап айтсақ: Бокстан Сәкен Бибосынов, байдаркада есуден Наталья Сергеева, академиялық есуден Владислав Яковлев және параканоэден Бибарыс Спатай. Санаулы күндерден кейін Жапонияның Токио қаласында алауы жанатын жазғы олимпиада ойындарында жерлестерімізге жеңіс тілейміз.