Түймебаев ардагерлерді Түркістанды бірлесіп түлетуге шақырды

0
1 917

Облыс орталығы алдағы уақытта жаңа кейіпке енеді. Бұған Елбасымыз айрықша назар аударып отыр. Алдағы уақытта Түркістанда жаңа ғимараттар, тұрғын үйлер, әуежай, әкімшілік іскерлік орталық бой көтеретін болады.


Түймебаев ардагерлерді Түркістанды  бірлесіп түлетуге  шақырды

Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Қарттар күні қарсаңында Түркістан қаласының ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқосуда облыс әкімі ел ақсақалдарын мерекемен құттықтап, облыс орталығын дамытуға рухани тұрғыдан дамытуға атсалысуға шақырды.

"Облыс орталығы алдағы уақытта жаңа кейіпке енеді. Бұған Елбасымыз айрықша назар аударып отыр. Алдағы уақытта Түркістанда жаңа ғимараттар, тұрғын үйлер, әуежай, әкімшілік іскерлік орталық бой көтеретін болады. Түркі дүниесінің орталығы ретінде барлық жағынан сай болмақ . Сонымен қатар, Түркістан - руханияттың, мәдениеттің ордасы болуы тиіс. Бұл тұрғыда ел ағаларына, ақсақалдарға артылар жүк ауыр", - деді Жансейіт Түймебаев.

Сондай-ақ, облыс басшысы мерекеге орай ардагерлерге демалыс аймақтарына жолдама сыйлады. Олардың қатарында Түркістан облысының Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Түркістан қаласының Ақсақалдар алқасының мүшесі Жұмаділ Кішібаев, Түркістан қаласының қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Рүстем Камилов сынды 20-ға жуық ардагерлер бар.