ТҮРКІСТАН: 1400-ден астам адам мемлекеттік грантқа ие болған

0
2 424

7500-ге жуық адам жұмыспен қамтылса, өз-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2000-нан асқан.


ТҮРКІСТАН: 1400-ден астам адам мемлекеттік грантқа ие болған

Жетісай ауданында 1400-ден астам адам мемлекеттік грант алған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Жетісай ауданында былтыр 1400-ден астам адам мемлекеттік грант алған. Азаматтарға жеке кәсібін бастауға мемлекет қазынасынан 786 млн. 573 мың теңге төленген.

Берген мүкіндікті ұтымды пайдаланып өз кәсібін бастаған жанның бірі - Жанар Әжібекова. Ол жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 айлық курс оқып, 555 мың 600 теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған. Кәсіпкер ағаш өңдеу цехын ашып, сандық, жатын бөлме және балалар жиһаздарын жасауды қолға алған. Жалпы аудан бойынша былтыр 7500-ге жуық адам жұмыспен қамтылса, өз-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2000-нан асқан.