ТҮРКІСТАН: 2020 жылы 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарланған

0
946

Жыл басынан бос орындар арқылы тұрақты жұмысқа 1228 азамат орналастырылған.


ТҮРКІСТАН: 2020 жылы 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарланған

иллюстрациялық фото

2020 жылы Түркістан қаласында 9288 жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 398 адамды қамту жоспарланса, өтініш білдірушілер саны 635-ті құрап отыр. Карантин режимі біте салысымен оқу жұмыстарын атқару басталады" - делінген Халықты жұмыспен қамту орталығының хабарламасында

Қалада «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша, 2020 жылға шағын несиелендіруге 60 азаматқа, мемлекеттік гранттармен қамтамасыз етуге 300 азаматқа, "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша 70 азаматқа кәсібін дөңгелетуіне мүмкіндік қарастырылған.

"Осы жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 130 азамат жоспарланғанымен, бүгіннің өзінде 143 азамат жұмыспен қамтылып отыр. «Жастар практикасы» бойынша 500 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланса, қазірде 167-сі сан сала бойынша еңбек жолын бастап үлгерді" - дейді хабарламада.

Жыл басынан бос орындар арқылы тұрақты жұмысқа 1228 азамат орналастырылды. Жалпы, 2020 жылы қала бойынша 9288 жаңа жұмыс орынының ашылуы жоспарланған.⠀

Жоғарыда атап өткен бағдарламаға қатысамын деушілер 87710189561 нөміріне немесе @jumispen_kamtu_ortalygy аккаунтына хабарласа алады.