ТҮРКІСТАН: 2020 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 300 млрд. теңгені құрады

0
2 656

Тапсырма 18,6%-ға артығымен орындалды.


ТҮРКІСТАН: 2020 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 300 млрд. теңгені құрады

Түркістан облысында құрылыс көлемін 335 млрд. теңгеге жеткізіп, тұрғын үй құрылысын 7568 мың шаршы метрге жеткізіледі, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Облыс аумағындағы құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 65,8%-ға артып, 300 млрд. теңгені құрады. Елімізде өзекті болып отырған баспана беру мәселесіне басым назар аударылуда. Осыған орай, жылдың қорытындысымен нақты 735,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, тапсырма 18,6%-ға артығымен орындалды»,-деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық алдында берген жылдық есебінде. Халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарды айтып, алдағы ортақ мақсат – міндеттермен бөлісті. Бұл жылы құрылыс көлемін 335 млрд. теңгеге жеткізіп, тұрғын үй құрылысын 7568 мың шаршы метрге жеткізіледі.

«Түркістан халықаралық әуежайынан республикаішілік және шет елдерге әуе рейстері бағыттары ашылады. Облыс бойынша 200 қоғамдық көлікті жаңарту және Түркістан қаласына 50 жаңа автобус сатып алу жүзеге асады. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында облысқа жалпы 13,5 млрд. теңге бөлініп, 336 жоба іске асырылды. Облыста 11 мектеп, 2 балабақша, 3 денсаулық сақтау, 1 спорт, 2 мәдениет, 9 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша нысандары және 474 шақырым жол жөндеуден өтті. Биыл 116 жобаны іске асыру жоспарланды»,-деді облыс әкімі өз сөзінде.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 54 нысанның құрылысына 18,3 млрд. теңге қарастырылып, 28 нысан пайдалануға тапсырылды. Нәтижесінде 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, бес елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылып, халықты ауыз сумен қамту деңгейі 92,1%-ды құрады. Биыл тағы 49 нысанның құрылысы жүруде. Басым бөлігі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін 20 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, 14 елді мекеннің су құбырлары қайта жаңартылатын болады. Нәтижесінде, халықтың 93,3% немесе 710 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

2020 жылы 41 табиғи газ нысанының құрылысына 14,1 млрд. теңге бағытталып, жылдың қорытындысымен 23 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, 423 елді мекен немесе 1 млн. 274 мың адам табиғи газбен қамтылды.Биыл 24 нысан пайдалануға беріліп, 434 елді мекен табиғи газбен қамтылатын болады.

«Түркістан облысы елді мекендерін сапалы тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етудің 2020-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» сәйкес 172 елді мекенді сапалы электр қуатымен толығымен қамту жоспарлануда. Ескі трансформаторлар мен ауыстыруды қажет ететін ағаш электр бағаналары жаңартылады. Өткен жылы 26 нысанның құрылысына 4,4 млрд.теңге қаржы бағытталып, 17 нысан пайдалануға берілді. Биыл жүріп жатқан 26 нысанның 17-сі жақын уақытта пайдалануға беріледі. Қалғаны 2022 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен, 27,7 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылатын болады.

2020 жылы автомобиль жолдарын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 54,8 млрд. теңге қаралып, 2 мың шақырымға жуық жолдар мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 1 525,4 шақырымы пайдалануға беріліп, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 74,1%-дан 79%-ға дейін артты. Биыл 609 шқ. Жол мен елді мекен көшелерін жөндеу жоспарлануда.