ТҮРКІСТАН:  22 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген

0
1 120

25 аудиторияда 620 орын дайындалған.


ТҮРКІСТАН:  22 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген

Ұлттық біріңғай тест өткізетін орындар карантин талаптарына сай болуы керек, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Түркістан облысында 22535 оқушы тест тапсыруға ниет білдірген. Сынақ тапсыру орындары Түркістан қаласында Ордабасы, Жетісай, Сарыағаш, Созақ аудандарында өткізіледі.

Ол үшін 25 аудиторияда 620 орын дайындалған. Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары шараны ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға коронавирустық инфекцияның алдын алу, карантин талаптарының сақталуын қатаң түрде қамтамасыз етуді еске салады.

Яғни, тест тапсырушыларды көлікпен тасымалдау жұмыстарынан бастап, ғимараттың кіреберісінде зарарсыздандыру тоннельдерін орнату, дезинфекциялаушы кілемшелерді төсеу, бөлек кіру және шығу жолдарын қамтамасыз ету, әлеуметтік қашықтықты сақтау, желдету арқылы терезелерді ашу, қорғаныш маскасын, бір реттік қолғаптар кию сынды талаптар орындалу қажет. Температураны өлшеу, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, қол алысуды немесе тікелей байланысқа жол бермеу керек. Сонымен қатар, тест өтетін аймақта ата-аналар және басқа да азаматтардың жүруіне болмайды.

Сондай-ақ, әрбір 50-100 м кейін холлдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберістерде тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылу керек. Айта кетейік, елімізде ҰБТ тапысыру сәуірдің 15- 30 маусым аралығында өткізіледі.