ТҮРКІСТАН: 300 үміткердің бизнес жобасы оң шешімге ие болды

0
1 952

Бизнеске бет бұрғандардың таңдауы белгілі болды.


ТҮРКІСТАН: 300 үміткердің бизнес жобасы оң шешімге ие болды

Түркістан облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру барысы қарқынды жүзеге асуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекеттік бағдарлама аясында білімін жетілдіріп, жаңа кәсіп ашуға бет тұрғандар арасында сүт өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы, ветеринария, косметология салалары, дәнекерлеу қызметі, электромонтер, автомеханик, тігін шеберханасы, ағаш ұстасы, наубайхана, ара өсіру, құс шаруашылығы салалары аса сұранысқа ие. Бизнеске бет бұрғандардың таңдауы осы салаларға түсуде.

Түркістан облысында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру барысы қарқынды жүзеге асуда. Атап айтқанда, Кентау қаласында "Бастау Бизнес" жобасына кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен табысы аз және көпбалалы отбасыларға, еңбекке қабілетті мүгедектерге және жастарға жаңа бизнес-идеяларын іске асыру бойынша 166 680 мың теңге қаржы 300 үміткерлерге қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Бұл ретте үміткерлер қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ оралмандар мен қоныс аударушылар арасынан комиссия отырысына 840 үміткер өз кәсібін ашу мақсатында грант алуға ниет білдіріп, ережеге сай құжаттары ұсынылды. Ашық дауыс беру жолымен 300 үміткердің стартап бизнес жобасы оң шешімге ие болды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 66 жоба нақтыланып, 1463 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Басым бөлігі халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылды.