ТҮРКІСТАН: 31 жастағы ер адам каналға батып кетті

0
1 203

Достарымен демалуға барған.


ТҮРКІСТАН: 31 жастағы ер адам каналға батып кетті

Түркістан облысы Отырар ауданындағы каналдан 31 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша 1989 жылы туған жігіт 11 маусым күні сағат 00.00 шамасында достарымен Сумағар каналына демалуға барған. Масаң күйде болған жігіттің аяғы тайып кетіп суға құлаған. Шымкент қаласы төтенше жағдай департаментінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Сумағар каналынан денесін іздеп тауып судан шығарды. Шымкенттік құтқарушыларға көмек қажеттігі туралы хабарлама 11 маусым күні сағат 09.50-де кеп түскен. Атап өтсек, бұл каналдың ені 14, ұзындығы 33 шаршы метр және тереңдігі 3 метрді құрайды.

Түркістан облысы Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округіндегі Көлқұдық ауылында орналасқан Сумағар каналындағы судың температурасы +15 дейді құтқарушылар.
"Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖ департаменті Жедел-құтқару жасағының жеке құрамынан 5 адам жұмыс істеді, сонымен қатар 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Жалпы Шымкенттің құтқарушылары Түркістан облысы бойынша 9 рет іздестіру-құтқару жұмстарына шыққан. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Мас күйінде шомылмаңыз. Сіздің бейқамдығыңыз жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз", - деп ескертеді Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.