ТҮРКІСТАН: 5 жылда елдімекендер 100% ауызсумен қамтамасыз етіледі

0
439

1 млн. адамды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


ТҮРКІСТАН: 5 жылда елдімекендер 100% ауызсумен қамтамасыз етіледі

Алдағы 5 жылда Түркістан облысының елдімекендері 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысында биыл 60 сумен жабдықтау нысандарының құрылысына бюджеттен жалпы 12,7 млрд. теңге бөлінді. Жыл қорытындысымен ауыз сумен қамтылған елді мекендердің жалпы саны 710 жетіп, қамту көрсеткіші 93,3% құрайды деп жоспарлануда. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Сессияның күн тәртібінде облыс басшысының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы туралы есебі тыңдалды.

Тазза сумен қамтамасыз ету мақсатында Қазығұрт ауданында Өгем өзенінде каскадты ГЭСпен бірге су құбырының құрылысы жобасы іске асырылады. Жоба құны 130 млрд.теңге. іске асыру мерзімі 2021-2025 жылдар. Құрылыс барысында 500 жұмыс орны ашылады. Бюджет қаржысы есебінен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Жоба іске асырылғанда облыста оңтүстік аймақтарындағы 1 млн. адамды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы алдағы 5 жылда елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі.