ТҮРКІСТАН: 500 адамды жұмыспен қамтитын жобалар іске қосылады

0
2 483

7 млрд 45 млн теңгеге 20 жоба іске қосылады.


ТҮРКІСТАН: 500 адамды жұмыспен қамтитын жобалар іске қосылады

Төлеби ауданында 500 адамды жұмыспен қамтитын инвестициялық жобалар іске қосылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласында 2021 жылы 34 млрд теңгенің өнімін өндіру жоспарланып отыр. Алға қойылған межеге жету үшін 2021 жылы құны 2 млрд 550 млн теңгені құрайтын 2 ірі инвестициялық жоба іске асырылатын болады.

Қазіргі уақытта «Ленгер машина жасау зауыты» Жауакершілігі шектеулі серіктесатігінде жаңарту (реконструкциялау) жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зауыт іске қосылған кезде тәулігіне 200 мың тонна темір бұйымдары шығарылады деп жоспарланып отыр. Аталған нысан құрылысы аяқталғанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Ленгір қаласында «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехы іске қосылатын болады. Аталған нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылдың ішінде бастау алады. Бұл цехтың құрылысы аяқталып, іске қосылғанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Жалпы, аталған ауданда әртүрлі салада жаңадан жеке қаржылар есебінен 7 млрд 45 млн теңгеге 20 жоба іске қосылады.