ТҮРКІСТАН: 90-нан астам үгіт-насихат іс-шаралары өткізілді

0
351

15 мыңға жуық тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


ТҮРКІСТАН: 90-нан астам үгіт-насихат іс-шаралары өткізілді

Түркістандық тұрғындар әділетті Қазақстанды қолдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Президентігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының Түркістан облысындағы сенімді өкілдері бүгін де сайлауалды бағдарламаны түсіндіру жұмыстарын қарқынды атқарды. Соның арасынан Мақтааралдағы сенімді өкілдердің мақта өңдеу зауытының қызметкерлерімен экспромт-кездесу өткізгенін атап өтуге болады. Зауыт қызметкерлерімен жүздескен аудандық штаб мүшелері С.Кенжебаев, Ш.Құрбанбаева, Г.Орақбаева, Г.Ақбаева кандидаттың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндірді.


Бұл кездесуде қоғамдық штаб мүшесі Сүндет Кенжебаев "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламадағы ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлінгенін, ғылым мен білімді жаңғырту, халықтың әлеуетін арттыру аясында тың бастамалар қарастырылғанын айтты.


Сондай-ақ, ҚР Президенттігіне кандидат Қ. К. Тоқаевтың сенімді өкілдері У.Рахиев, Қ.Қыстаубаев, М.Асилов пен Е.Құрбанбаев Сарыағаштағы "Жібек жолы" сауда орталығының қызметкелерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді.


«Кандидат ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның басты бір қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА. Бұл халықтың, бизнес пен мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз. Сонымен қатар, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің бірдей дамуына мүмкіндік береді», - деді У. Рахиев.


Дәл осылай Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округіндегі және кентаулық ұстаздармен де кездесулер өткізіліп, штаб мүшелері Қ.Тоқаевтың бастамасымен білім беру және ұстаздардың мәртебесін арттыру бағытында іске асырылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асырылатын реормаларға тоқталып өтті.


Сонымен қатар, Қазығұрт ауданындағы өнер мектебінде аудан тұрғындарымен жүздескен қоғамдық штаб өкілдері кандидаттың бағдарламасына сәйкес, алдағы бірнеше жыл бойы ауылдарды дамытуға күш салынатынын, жалпы халықтың тұрмыс-тірішілігін көтеру мақсатында бірқатар бағдарламалар орындалатынын жеткізді.


Әрбір кездесуде Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, штаб мүшелері ер тұрғындарын саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды. Өз кезегінде өңір азаматтары да қуатты Қазақстанды құру жолында өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізді.


Жалпы, бүгін ҚР Президентігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық қоғамдық штабының мүшелері түрлі форматта 91 іс-шара ұйымдастырып, 15 мыңға жуық тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.