ТҮРКІСТАН: 90-нан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткізілді

0
636

13 мыңға жуық тұрғын сайлауалды бағдарламамен танысты.


ТҮРКІСТАН: 90-нан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткізілді

Түркістан облысында 90-нан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында ҚР Президентігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар өткізіліп жатыр. Атап өтсек, бүгін А.Байтанаев пен К.Сәрсенбаев Арыс қаласындағы "Қызмет-Сервис-Арыс" ЖШС-ның жұмысшыларымен кездесті. Іс-шара барысында Президент сайлауының маңыздылығы түсіндіріле отырып, кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы кеңінен таныстырылды.


Сондай-ақ, үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері Ғ.Медеуов, Г.Ирискелдиев пен А.Бақытжанұлы Сайрам ауданындағы сүт өнімдерін өндіретін өндіріс саласының қызметкерлерімен жүздесті.


«Бүгінгі таңда еңбек адамы – мемлекет дамуының, оның ішінде әлеуметтік құрылымдардың ең басты да маңызды бөлшегіне айналып отырғаны анық. Қарапайым жұмысшы мен адал еңбек жасап жатқан қарашаның мәртебесін көтеруге, оларды ел арасында насихаттауға басымдық беру жайы жиі айтылып жатқаны рас», - деді Ғ.Медеуов жиын барысында.


Одан бөлек, қоғамдық штаб мүшелері Н.Майусова, И.Омарбеков пен Е.Қабылбеков Созақ ауданы, Жартытөбе ауылына барып, Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы президенттік сайлаудың маңыздылығын түсіндірді. Өз кезегінде, педагогтар ұсыныс-пікірлерін айтып, саяси науқанға белесене қатысатындықтарын жеткізді.


Атап өтсек, бүгін кандидаттың Түркістан өңіріндегі сенімді өкілдері 90-нан астам іс-шараға қатысып, 13 мыңға жуық тұрғын сайлауалды бағдарламамен танысты.