ТҮРКІСТАН: 900-ге жуық адам ревакцинация алды

0
664

Ревакцинация 1 ғана дозамен жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: 900-ге жуық адам ревакцинация алды

Түркістан облысында ревакцинациялау қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында қазіргі таңда 894 адам ревакцинация алды. Айтып өтейік, ревакцинация 1 ғана дозамен жүргізіледі. Сонымен қатар алдында «HayatVax», «QazVac», «CoronaVac», «Синофарм» вакциналарын салдырғандар араға 6 ай уақыт өткенде және «Спутник V» вакцинасын салдырғандар арада 9 ай уақыт өткен соң вакцинаның кез-келген басқа түрін қабылдауларына болады.


Жалпы Түркістан облысында 1030202 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 982666 адам вакцина алды. Кейінгі тәулікте 958 адам екпе салдыруға ниет білдірген.


Соңғы тәулікте Түркістан облысында 9 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,05% құрайды. Облыста пандемия басталғалы 1 146 678 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 680 орын бар. Оның 491-і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 674 жағдай тіркелді. Олардың 7731-да ауру симптомсыз өткен болатын. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.