ТҮРКІСТАН: Адам өліміне қатысты күдікті Ресейде қолға түсті

0
1 012

Ерегіскен екі жігіттің бірі екі танысының көзінше екі ауыздық мылтығымен атып салған.


ТҮРКІСТАН: Адам өліміне қатысты күдікті Ресейде қолға түсті

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында полицейлер аса ауыр жасап төрт жыл бойы іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Оған кісі өлтірген деген айып тағылған деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қанды оқиға 2015 жылдың 22 мамырында орын алған. Сарыағаш ауданының аумағында орналасқан ауылдық емханадан "екі аяғынан атыс қаруымен жарақаттанған" деген диагнозбен ер адам жеткізілгенітуралы хабарлама кеп түскен.

Полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, ауылдас екі жігіттің арасында кикілжің туындап, ерегіске ұласқанын анықтаған. Сөз көтере алмаған күдікті жәбірленушіні екі танысының көзінше екі ауыздық мылтығымен атып салған. Алған дене жарақатынан жәбірленуші емханада қайтыс болған.

"Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған. Куәгерлерден жауап алу барысында 26.05.2019 жылы күдіктінің түр-тұлғасы анықталып, аса ауыр қылмыс жасаған тұрғынның тергеуден жасырынып, бой тасалап жүргендігі ескеріліп, оған іздестірілу жарияланған. Осы жылдар аралығында тәртіп сақшылары қылмыскерді іздестіруді жүйелі түрде жүргізіп, істі тоқтатпай және барлық полиция бөлімдеріне, тіпті Халықаралық деңгейде іздестіру жұмыстарын жүргізген,"-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталмыш қылмыстық істі ашу мақсатында Сарыағаш АПБ-нің полицейлері адам өлтірген күдіктіні ұстау үшін қажетті деген барлық іс-шараларды жылдам іске асырды. Күдіктінің Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында жүргендігі анықталып, ұсталды. 01.07.2019 жылы күдікті Ресей Федерациясынан Шымкент қаласындағы ИЧ-167/11 мекемесіне жеткізілді.

Қазіргі таңда Сарыағаш АПБ-нің тергеу бөлімшесімен осы қылмыстық іске байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.