ТҮРКІСТАН: Армрестлингтен және гір көтеру спортынан облыстық ашық біріншілік өтті

0
1 946

​Байрақты бәсекеге облыс аумағынан 500-ге тарта жасөспірім қатысты.


 ТҮРКІСТАН: Армрестлингтен және гір көтеру спортынан облыстық ашық біріншілік өтті

Шардарада Түркістан облыстық №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашылғанына 25 жыл толуына орай армрестлинг пен гір көтеру спортынан облыстың ашық біріншілігі болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шардара ауданының орталық спорт кешенінде өткен сайысқа аудан әкімінің міндетін атқарушы Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы мен Түркістан облыстық №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Айтмурзаев Нұрлан Пернебекұлы және оқу ісі жөніндегі орынбасары Құлтаев Пернебек Тұрарбекұлы арнайы қатысты.

Облыстық ашық біріншілікті өзінің құттықтау сөзімен ашып, спортшыларға сәттілік тілеген Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев Нұрлан Айтмурзаев пен Пернебек Құлтаевты аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттаса, спорт мектебінің директоры Нұрлан Пернебекұлы армрестлингтен және гір көтеру спортынан шардаралық аға жаттықтырушы Бақдәулет Тұрманов пен Асхат Минаповтарға Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырқбаевтың алғыс хатын табыс етті.
Түркістан облысының барлық аумағынан 500-ге тарта жасөспірім қатысқан байрақты бәсекеде спорттың армреслинг түрінен ұлдар 10 салмақта, ал, қыздар 5 салмақ дәрежесінде күш сынасса, гір көтеру спортынан қатысқан ұлдар 7, қыздар 5 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтады. Тартысты өткен біріншіліктің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте ІІІ орынға Қоссейіт ауылының спортшылары табан тіресе, ІІ орын Жетісайлықтарға бұйырды. Ал, І орынды Шардара ауданының спортшылары қанжығаларына байлады.
Жарыс соңында жүлделі орынға ие болған спортшылар ұйымдастырушылардың дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.