ТҮРКІСТАН: Арыста 10 мың бас мал бордақылайтын алаң жұмыс істеп жатыр

0
730

Жоба құны 6,5 млрд. теңгені құрайды.


ТҮРКІСТАН: Арыста 10 мың бас мал бордақылайтын алаң жұмыс істеп жатыр

Арыс қаласының әкімі шаруашылықтардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова «Қазына Жер ЛТД» және «KAZ PLEMZAVOD» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде болып, шаруашылықтардың жәй-күйлерімен танысты.

Ақдала ауылында орналасқан «Қазына Жер ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ә.Ахметовтың басшылығымен 2012 жылы іске қосылған. Жобалық құны 2,3 млрд теңгені құрайды. Сүтті бағыттағы шаруашылықта 2000 жуық асыл тұқымды сиыр бар. Бүгінгі таңда, 700 бас сиыр күніне үш мезгіл сауылып, «ФудМастер, «Алтын дән», «Бөрте Милка» кәсіпорындарына сүт өнімін жөнелтуде. «Қазына Жер ЛТД» ЖШС тауарлы сүт фермасы 2020 жылы 5612 тонна сүт өндірген, ал 2021 жылы тиісті мерзімде 1963 тонна өнім өндіріп отыр. Шаруашылықтың жер көлемі 2816 гектарды құрайды, бүгінгі таңда 95 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қала әкімінің жұмыс сапары Қожатоғай ауылдық округіндегі «KAZPLEMZAVOD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысуға ұласты. М.Айдағараев басқаратын шаруашылық етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малын бордақылаумен айналысады.

Бүгінгі таңда шаруашылықта 2050 бас мал бар. Жоба толық іске қосылғанда бір мезгілде етті бағыттағы 10000 бас ірі қараны бордақылауға қауқарлы. Жоба құны 6,5 млрд. теңгені құрайды. М.Айдағараев қала әкімі Гүлжан Мамытқызына 2021 жылы 15 мамырда тұрған желдің салдарынан ірі қара мал қорасының ішінара төбесі ұшқанын айтып, жәрдем беруін сұрады. Шаһар басшысы Г.Құрманбекова сала басшыларына мәселені заң шеңберінде қарап, шешу үшін тапсырма берді.