ТҮРКІСТАН: «Ақ орамал» іс-шарасы өз жалғасын тапты

0
1 316

Дәстүрлі түрде өтетін шарада аясында перзентханада аналарға ақ орамал жапты.


ТҮРКІСТАН: «Ақ орамал» іс-шарасы өз жалғасын тапты

Кешегі Оңтүстік Қазақстан облысынан бастау алған «Ақ орамал» мерекелік шарасы бүгінгі Түркістан облысында өз жалғасын тапты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған мерекелік шара аясында ұйымдастырушалар тарапынан дүниеге нәресте әкелген жас аналарға перзентханада ақ орамал жауылып, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, дүние есігін жаңа ашқан сәбилер елдің елеулі азамат болуын тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақ орамал» республикалық акциясы 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен түстікте қолға алынған болатын.